Клиент мердігердің (орындаушының) қызмет көрсету туралы келісімнің шарттарын жүйелі түрде бұзуына байланысты келтірілген залалды өндіріп алу үшін сотқа талап арыз дайындау және беру бойынша заңгерлік көмек сұрады.
Бірінші сатыдағы сот біздің пайдамызға шешім шығарды. Талап толығымен қанағаттандырылды, шамамен 10 000 000 (он миллион) теңге көлемінде залалды, сондай-ақ заңды өкілдік үшін сот шығындарын және мемлекеттік бажды өндіріп алды.
Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
